«Ержүрек құтқарушылар» сайысы.

«Ержүрек құтқарушылар» сайысы.

Қоғамда ерен еңбегімен көзге түсіп, өздерінің кәсіпқой маман екенін күнделікті ісімен дәлелдеп жүрген жандар ол – құтқарушылар. Құтқарушылардың еңбектері орасан зор. Құтқарушылар қиындыққа толы өздерінің күнделікті қызметтерімен қоса, қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласа біледі. Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен барлық құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен өткен «Ержүрек құтқарушы» атты сайысы бірден-бір дәлел.
Шараны Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Азаматтық қорғау полковнигі О.Қ.Бержанов ҚР Төтенше жағдайлар Министірі Ю.Ильиннің құттықтау тілегімен ашып, қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі. Және де аталған мерекеге орай бірқатар азаматшалар алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтар болсақ, ҚР Төтенше жағдайлар Министірінің алғыс хатымен С.Исмуханова мен А.Медетова марапатталса, Департамент бастығының алғыс хатымен Б.Айденова, А.Булешова, А.Сарсекенова, А.Кенжеғалиевалар марапатталды.
Бұл сайыс - қызметкерлердің жан-жақтылығын көрсетуге, шығармашылық қырларын тануға, ұжымшылдық және достық сезімдерін нығайту мақсатында өткізілді.
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл сайыс 5 турдан құралды.
Сайысқа сайдың тасындай, бірінен-бірі асып түсетін «Хиуаз», «Жалын», «Дармен», «Бірлік» атты 4 команда қатынасты. Әр комнда бес қатысушыдан құралды.
Сайыс өте тартысты өтті. Ән де айтылды, би де биленді, жыр да оқылды, ас та дайындалды, көңіліңді тебірентіп, санаға ой саларлықтай қойылымдар да қойылды. Көрермендер әзілді қойылымға шаттанып қуана күлсе, астарында терең мағына жатқан қойылым көрсетілген кезде, көздеріне еріксіз жас та алды.
Сайыс қызған сайын, қатысушылардың жеңіске жетуге деген құлшыныстары артты. Бұл сайыста «Хиуаз» бен «Жалын» топтарының сайыскерлері ерекше таланттарымен көзге түсті. Атап айтар болсақ, Ә.Гумарова , Ж.Кюажина , А.Туменов, Р.Зуленов, Ә.Аблаев , А.Жакупов, Н.Насихат, Н.Абдуллин.
«Хиуаз» тобы аттарына заты сай Хиуаз әжеміздің ерліктері іспетті, қарсыластарынан оқ бойы оза шапты. Ал, «Жалын» тобы от болып жанып, жалындай жарқырады. «Дармен» тобы өздерінің ширақ, шапшаңдықтарын көрсетсе, «Бірлік» тобы ауыз біршіліктерінің мықтылығын, татулығын көрсете білді.
Бұндай рухты, жалындаған жастар егемен еліміздің негізгі үміті болып табылады.
Сайысты қорытындылай келе, әділқазылар алқасы барлық топтардың киім үлгісіне, ұйымшылдықтарына, қойылған сұрақтарға берілген жауаптарын, әрбір көрсетілген көріністерге, әзірленген тағамдарына әділ бағаларын берді. Берілген әділ шешім бойынша «Хиуаз» тобы Гран-Приді иеленсе, I-орын «Жалын» тобына, II-орын «Дармен» тобына, III-орын «Бірлік» тобына бұйырды.
Шараға қатысып, жүлделі орын алған әр топқа дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Департаменттің Қоғаммен байланыс тобы.