Жеке меншік балабақшадан өрт шықты

Жеке меншік балабақшадан өрт шықты

2021 жыл 12 ақпанда сағат 15:46да Атырау қ. Нұрсая ықшам ауданы Р.Габдиев көшесінде орналасқан 1 қабатты балабақшасының өртеніп жатырғаны туралы хабар түсті.  

Шақырту орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары жеткен кезде, Нұрсая ықшам ауданы Р.Габдиев көшесінде орналасқан 1 қабатты балабақшаның төбе жабындысының толық ашық отпен жанып жатырғаны және ғимарат ішінде 13 баланы (жастары 3-5 жаc аралығында) 3 тәрбиеші далаға шығарғаны анықталды.

Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 25 жеке құрам жұмылдырылды, 3 оқпан жұмыс жасады.

Өрт сағат 16:15 минутта оқшауланып, 16:23 минутта толықтай жойылды.

Өрт салдарынан балабақшаның төбе жабындысының (144 ш.м) толықтай жануы болды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде аталған балабақшадан 2 метр қашықтықта орналасқан 2 қатарлы коттедж үйге өрттің тараалуына жол берілмеді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт болжаммен тоқтың қысқаша тұйықталуы салдарынан.

Келген материалдық шығынды анықтау жұмыстарын жүргізілуде.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңыз сұралады!

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы