
Атырау облысының ТЖД, BI Group компаниясымен бірлесіп, балалардың терезеден құлап кету жағдайларының алдын алуға және болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.
Бірлескен жұмыс аясында BI Group тұрғын үй кешеніндегі 9 блоктың 1–2-қабаттарындағы кіреберіс топтары, сондай-ақ паркингтің кіреберіс топтары жабдықталды. Домофон жүйелеріне тұрғындарға арналған профилактикалық аудиожазба орналастырылды:
«Есік ашық. Балаларды терезеден қорғаңыз!»
Күнделікті тұрғындар жүріп өтетін орындарда аудиохабарламаларды орналастыру ата-аналар мен басқа да ересектердің балалардың қауіпсіздігіне назарын арттыруға, сондай-ақ тұрғын үйлерде қауіпсіз орта қалыптастыруға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.