
Ашық терезе балалар үшін үлкен қауіп төндіреді. Бір сәттік назарсыздық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Балалардың қауіпсіздігі үшін:
🔹 терезені ашық қалдырмаңыз;
🔹 баланы терезе маңында жалғыз қалдырмаңыз;
🔹 терезе алдына орындық, үстел және басқа да жиһаздарды қоймаңыз;
🔹 терезеге арнайы қауіпсіздік құлыптарын орнатыңыз.
Баланың қауіпсіздігі — ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі. Қарапайым сақтық шараларын сақтау жазатайым жағдайдың алдын алуға көмектеседі.