Тоқ желілерінің жануы

Тоқ желілерінің жануы

2020 жылғы 25 қарашада 21 сағат 32 минутта№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетінеҚұлсары қаласы, 7 ауыл, «Саят» дүкенінің артында үй жанып жатырғаны жөнінде хабар түсті.

Шақырту орнына жеткен кезде Құлсары қаласы, 7 ауыл, Махамбет көшесі даңғылы бойындағы 2 қатарлы үйдің, 1-ші қабатында орналасқанбір пәтердің жалпы ауданы 6м2 (2х3) болатын ас бөлмесінде тоқ желілерінің жанып жатырғаны анықталды. Жану салдарынан ас бөлме толықтай бүлінді.

Өртті сөндіруге №2мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 8 қызметкері жұмылдырылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Құрметті тұрғындар! Электр құрылғыларын қосулы күйде қалдырмаңыздар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар!

 

Атырау облысы ТЖД

Жұртшылықпен байланыс тобы