Жүк автокөлігінің жануы

Жүк автокөлігінің жануы

Жүк автокөлігінің жануы

 

2020 жылғы 24 қарашада сағат 07 сағат 22 минутта №9 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Жылыой ауданы Құлсары – Теңіз тас жолы бойында жүк  автокөлігінің жанып жатқаны туралы хабар түсті.

Шақырту орнына жеткен кезде Құлсары – Теңіз тас жолы (Құлсары қаласына шамамен 5км) жиегінде мұнай тасуға арналған КамАЗ жартылай тіркемелі автоцистернасының (ЖШС «KARPET TRANSPORTATION» тиесілі) кабинасы, қозғалтқыш бөлігі толық ашық отпен жанып жатқаны және автокөлікте 30 м3 мұнай бар екені анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде өрт дер кезінде сөндіріліп, Камаз автокөлігінің 30 м3 мұнайы бар жартылай тіркемесіне өрттің көшуіне жол берілмеді.

Өртті сөндіруге №9 өрт сөндіру сөндіру бөлімінің 1 бірлік техникасы мен 3 бірлік жеке құрамы жұмылдырылды.

Өрт  сағат 07:40 оқшауланып, 07:42 жойылды.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл басынан автокөліктердегі 84 өрт оқиғасы тіркелді.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!

 

Атырау облысы ТЖД

Жұртшылықпен байланыс тобы