
Қазақстан халқының тілдері күні мен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл – рухани қорғаныс» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараны Департамент бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Әбділда Сарсенбайұлы Баякеев ашып, Ұлт ұстазының рухани мұрасы мен мемлекеттік тілдің маңыздылығына тоқталды.
Дөңгелек үстел аясында Атырау облысының Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері А. Ануарбекова мен Г. Нұрмұханова Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектеріне арналған кітап көрмесін ұйымдастырып, қызметкерлер арасында мәнерлеп оқу және ребустар шешу сайысын өткізді.
Шара соңында белсенділік танытқан қызметкерлер мен кітапхана қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды.
Өрт сөндіру бөлімдерінде арнайы бейнежазбалар көрсетіліп, ғалымның тіл мәселесіндегі еңбектері мен мемлекеттік тілдің тарихы туралы баяндамалар тыңдалды.
Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі