АТЫРАУЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР – КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР!

АТЫРАУЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР – КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР!

2026 жылғы 5 қыркүйекте ерлер арасында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының 32-чемпионаты аясында «Жауынгерлік қанат жаю» түрінен жарыс өтті.

Тартысты бәсекеде Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің командасы жоғары деңгейдегі дайындықтарын, ұйымшылдығы мен кәсіби шеберлігін көрсетіп, 2-орынға ие болды.

Өрт-құтқару спорты спортшылардан жоғары дене дайындығымен қатар, шапшаңдықты, дәлдікті, төзімділікті және командалық үйлесімділікті талап етеді. Жауынгерлік қанат жаю барысында спортшылар адамдарды құтқару және төтенше жағдайларды жою кезінде аса маңызды болып табылатын кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.

Атырау облысы ТЖД командасының күміс жүлдесі қызметкерлердің жоғары деңгейдегі кәсіби және спорттық дайындығын, сондай-ақ үздік нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Атырау облысы ТЖД командасын лайықты екінші орынмен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер, жоғары нәтижелер және алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!