
Оларға салынған айыппұл көлемі 1,3 млн теңгені құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте
Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Айбек Құспанғалиев мәлім етті.
Жыл басынан бері облыстың су айдындарында 10 адам көз жұмды. Оның ішінде үшеуі – бала. Ал шомылу маусымы басталғалы 9 адам суға кетіп, оның екеуі бала болған.
– Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күн сайын 80-ге жуық қызметкер полиция, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және қоғам белсенділерімен бірлесіп патрульдеуге шығады. Бүгінге дейін 2700-ден астам рейд жүргізіліп, 6 805 адамға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды, – деді А.Құспанғалиев.
Қазір облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 116 қауіпті учаске бар. Бұл жерлерге 224 тыйым салу белгісі және 9 ақпараттық стенд орнатылған. Атырау қаласында ресми бес жағажай жұмыс істейді. Ал аудандарда ресми жағажайлар ашылмаған.
Сондай-ақ биыл суға кеткер үш бала құтқарылды.
Брифинг соңында спикер тұрғындарды тек ресми жағажайларда шомылуға, балаларды су маңында қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.