Қосшыдан қуанышты хабар: Атыраулық құтқарушы «Толағай» сайысында жүлделі ІІ орын иеленді

Қосшыдан қуанышты хабар: Атыраулық құтқарушы «Толағай» сайысында жүлделі ІІ орын иеленді

Ақмола облысы Қосшы қаласының 5 жылдық мерейтойына арналған «Толағай» алыптар сайысында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Құрманғазы ауданы ТЖБ №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты пауэрлифтингтен спорт шебері Ерсейіт Бралин жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Еліміздің 12 қаласынан қатысқан мықтылар күрделі кезеңдер бойынша сынға түсті. Сайыс ережесіне сәйкес олар 1 минут ішінде тасты көтеріп жүру, салмағы 10 келілік найзаны қашықтыққа лақтыру, 100 келілік серке муляжын көтеріп белгіленген уақыт ішінде қашықтыққа жүгіру және салмағы 110 келілік бөренені көтеру сияқты күрделі кезеңдерден өтті.

Барлық сыннан сүрінбей өткен Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Ерсейіт Бралин жоғары нәтиже көрсетіп, тартысты дода қорытындысында жүлделі ІІ орынға ие болды.

Бұл жетістік – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жоғары кәсіби және физикалық дайындығының жарқын көрінісі. Ерсейіт Бралиннің жеңісі әріптестеріне үлгі болып, өңір абыройын республикалық деңгейде тағы бір мәрте асқақтатты.