
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құраммен жиын өткізіліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласына қатысты жаңадан күшіне енген заңнамалық өзгерістер түсіндірілді.
Іс-шара барысында заңның негізгі жаңашылдықтары, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар және заң талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жеке құрамға жаңа заң талаптарының практикалық маңызы түсіндіріліп, қызмет барысында заңнаманы бұлжытпай сақтау қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заң талаптары бойынша пікір алмасты.
Мұндай түсіндіру жұмыстары жеке құрамның құқықтық сауаттылығын арттыруға және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған.