
Атырау облысы, Жылыой мен Махамбет аудандарында орналасқан су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының қатысуымен күшейтілген рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд барысында демалушыларға рұқсат етілмеген орындарда суға түсудің қауіптілігі ескертіліп, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау қажеттілігі түсіндірілді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу – әр азаматтың жауапкершілігі. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығына бейжай қарамаңыз!