Атырау облысында 500-ге жуық отбасының пәтеріне терезе шектеуіштері орнатылды

Атырау облысында 500-ге жуық отбасының пәтеріне терезе шектеуіштері орнатылды

Биыл облыста көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалардың құлауына қатысты 16 жағдай тіркелді. Зардап шеккен балалардың жасы 1 мен 5 жас аралығында.

– Балалардың терезеден құлауы көбіне ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруынан, терезе алдына жиһаз қоюдан, москит торына сенуден және терезелердің толық ашық қалдырылуынан болады. Сондықтан ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырамыз. Бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін, – деді Д.Үмбет.

Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында облыс бойынша 367 рейд өтіп, 5 мыңнан астам тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ТЖД балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырып, қосымша сұрақтар туындаған немесе төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға шақырады.