Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты іс- шара ұйымдастырылды.
Іс- шара барысында мемлекеттік қызметтің  қоғамдағы маңызы, халыққа адал қызмет етудің жауапкершілігі мен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби міндеттері атап өтілді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, мерекелік шарада Департамент бастығы полковник Нұрлан Мақсотұлы Жаңабаев құттықтау сөз сөйледі. Мемлекеттік қызмет саласында адал еңбегімен ерекешеленген қызметкерлерге алғысын білдіріп, өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс- шараның маңызды сәттерінің бірі- мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі болды. Жас мамандар Қазақстан халқына және мемлекетіне адал қызмет етуге ант беріп, мемлекеттік қызметші мәртебесіне сай абыроймен атқаруға уәде етті.