Қауіпсіздік балалық шақ – әркімнің ортақ жауапкершілігі!

Қауіпсіздік балалық шақ – әркімнің ортақ жауапкершілігі!

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алуға бағытталған күшейтілген профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Тұрақты түрде, күн сайын көпқабатты тұрғын үйлерде, аулаларда, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектеп жанындағы лагерьлерде, сауда-ойын-сауық орталықтарында және ойын-сауық алаңдарында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Профилактика барысында Департамент мамандары ата-аналар мен балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, терезеден құлаудың алдын алу жөніндегі материалдарға сілтеме берілген QR-кодтары бар ақпараттық жадынамалар таратылып, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін және терезеге байланысты жазатайым оқиғалардың, судағы қауіпсіздікпен өрт қауіпсіздігін алдын алу шараларын еске салады.

Балалардың қараусыз қалмауы, терезелерге қорғаныш құрылғыларын орнату қажеттілігі және тұрғын үйлердегі қауіп факторларын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, халық көп жиналатын орындарда қауіпсіздік ережелері көрсетілген ақпараттық парақшалар орналастырылуда. Кофеханалармен және қоғамдық тамақтану орындарымен бірлесіп, үстелдерге QR-коды бар жадынамаларды орналастыру, сондай-ақ кофе стақандарға ақпараттық материалдарды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар халықтың кең ауқымын қамтып, азаматтардың ақпараттану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралар халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға және ата-аналар мен балалар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.