Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру мақсатында Атырау облысы әкімдігі ғимаратында арнайы өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді

Оқу-жаттығу негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын пысықтау, эвакуациялау тәртібін жетілдіру, сондай -ақ өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекет ету қабілетін арттыру болды.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, нысанда автоматты өрт дабылы іске қосылып, шартты өрт ғимараттың 6 қабатындағы мәжіліс залында электр жабдықтарының істен шығуынан туындады деп қабылданды. Өрттің таралу қауіпіне байланысты қауіпсіздік қызметі мен Департамент қызметкерлері білесіп, 300-ден астам адамды қысқа уақыт ішінде қауіпсіз аймаққа эвакуациялады.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері  өртті сөндіру және зардап шеккендерді құтқару бойынша іс-қимылдарын тәжірибе жүзінде көрсетті. Жаттығу барысында арнайы техника мен құрал-жабдықтардың дайындығы тексерілді. Сонымен қатар, ғимараттың 6-қабатында қалып қалған 2 адамды құтқару үшін АЛ-30 автосатысы қолданылды.

Аталған оқу-жаттығуға Атырау облысы ТЖД-ның 14 бірлік техникасы мен 43 адамнан тұратын жеке құрамы қатысты.

Шара соңында департамент қызметкерлері әкімдік қызметкерлеріне алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамалар таратты..

Атырау облысы ТЖД тарапынан мұндай оқу-жаттығулар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.