
Жылыой ауданында мектеп оқушылары арасында аудандық «Жас құтқарушы» сайысы өтті
Жарысқа аудандық 15 мектептен барлығы 120 оқушы қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуді үйрету және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Сайыс барысында қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігі және құтқару дағдылары бойынша білімдерін көрсетті.
Жарыс нәтижесінде үздік командалар анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.
Мұндай шаралар жас құтқарушылардың жауапкершілігін арттырып, болашақ мамандыққа қызығушылығын оятады.