
Махамбет ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің аумағында экологиялық бағыттағы тағылымды іс-шара өтті.
Аталған шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып, оған азаматтық қорғау саласының ардагерлері қатысып, аулаға жас көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпаққа үлгі көрсету.