
Құрманғазы ауданында «Жас құтқарушы» сайысы өтті
Құрманғазы ауданындағы мектеп оқушылар арасында «Жас құтқарушы» атты маңызды сайыс өтті. Жасөспірімдер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту, алғашқы көмек көрсету мен құтқару жұмыстарын үйрету.
Сайыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт кезінде әрекет ету, зардап шеккендерді құтқару және теориялық білімдерін тексеру тапсырмалары қамтылды. Әр команда өздерінің дайындық деңгейін көрсетіп, шапшаңдық пен ұйымшылдық танытты.
Қазылар алқасы қатысушылардың білімін, ептілігін және командалық жұмысын жоғары бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша үздік командалар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Бұл шара жас буынның жауапкершілігін арттырып, төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдай алатын азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама болды.