
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды
2026 жылдың 9 сәуір күні Департамент бастығы полковник Нұрлан Мақсотұлы Жанабаев жеке құрамға жаңа орынбасары азаматтық қорғау майоры Жантөре Сандибекұлы Демешовты таныстырды.
Жантөре Сандибекұлы - 1992 жылы 4 ақпанда Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. 2013 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық иститутын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтаған.
Бұған дейін Департаменттің Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарған.
Атырау облысы ТЖД имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы