Атырау облысында өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бір орман өрті тіркелді.

Атырау облысында өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бір орман өрті тіркелді.

Атырау облысында өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бір орман өрті тіркелді.

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бағдат Абдуллин баспасөз брифингінде мәлім етті.

Облыста өртке қауіпті маусым 26 наурыздан басталды. Биыл осы уақытқа дейін Құрманғазы ауданында жалпы аумағы 10 гектарды құрайтын бір орман өрті тіркелді.

Ал өткен жылы 17 өрт 17 мың гектардан астам аумақты қамтыса, 2024 жылы 6 өрт 10 мың гектардан астам жерді шарпыған.

Өңірде орман қорының жалпы аумағы 56 265 гектарды құрайды. Оларды 4 орман шаруашылығы мен 111 500 гектар аумақта орналасқан «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты қорғайды.

-Өрттің алдын алу мақсатында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазір 90 адамнан тұратын 8 мобильді топ жұмыс істеуде. Өрт сөндіруге 141 қызметкер мен 36 техника дайын. Қажет болған жағдайда су төгетін құрылғысы бар арнайы тікұшақ тартылады, - деді Б.Абдуллин.

Орман өрттерін ерте анықтау үшін «Ғарыш сапары» жүйесі қолданылып, 3 бақылау мұнарасы орнатылған.

Айта кетейік, өңірде 28–29 мамыр күндері «Өрт – 2026» республикалық оқу-жаттығуы өтуі жоспарланып отыр.