Аспанға адалдық: ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқарудағы» 15 жыл

Аспанға адалдық: ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқарудағы» 15 жыл

Аспанға адалдық: ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқарудағы» 15 жыл

 

ҚР ТЖМ авиациясы қызметінде аспанды өмір жолына айналдырған мамандар ерекше орыналады. Солардың бірі – Ми-8 тікұшағының екінші пилоты Булат Мукушев. Ол «Қазавиақұтқару» АҚ құрамында 15 жылданберіқызмететіпкеледі.

 

Булат Мукушев 1964 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Бала кезінен аспан әлеміне қызығып, ұшқыш болуды армандаған. Әсіресе әскери ұшқыш Иван Кожедубтың бейнесі көрсетілген еңбек бала арманына қанат бітіріп, авиация саласына деген құштарлығын арттырды.

 

Еңбек жолында әртүрлі әуекемелерін басқарған. 2011 жылдан бастап «Қазавиақұтқару» АҚ құрамында Ми-8 тікұшағының екінші пилоты қызметін атқарып келеді. Осы уақыт ішінде төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстарына қатысып, табиғи өрттерді сөндіру, әуеден су төгу, санитарлық рейстерді орындау және зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстарын жүзеге асырды.

 

Кәсіби қызметіндегі маңызды кезеңдердің бірі – 2021 жылы Түркия Республикасында атқарған жұмысы. Ол халықаралық топ құрамында ірі тау және орман өрттерін сөндіруге қатысып, гуманитарлық көмек көрсетуге атсалысты.

 

«Нағыз пилот болу үшін кәсіби біліктілік пен қатар жоғары жауапкершілік, өз ісіне адалдық және аспанға деген сүйіспеншілік қажет» - дейді Булат Мукушев.

 

Қазіргі уақытта ол авиациялық-құтқару міндеттерін орындауды жалғастырып, жинақтаған тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.