Атырауда азаматтық қорғаныс айлығы қорытындыланды

Атырауда азаматтық қорғаныс айлығы қорытындыланды

Атырау облысында «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» ұранымен өткен Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс айлығы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар өз мәресіне жетіп, үздіктерді марапаттау салтанатты кеші өтті.

Салтанатты шара барысында азаматтық қорғаныс саласының дамуына үлес қосып, өз міндетін адал атқарған үздік қызметкерлер мен ұйымдар, студенттер мен оқушылар  марапатталды.

         Кеш барысында қатысушылар назарына азаматтық қорғаныс саласының маңыздылығы мен қызметін айқындайтын арнайы бейнеролик ұсынылды.

Аталған шара – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және қоғамның дайындық деңгейін арттыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.