Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Атырау облысы Білім басқармасымен бірлесіп өңірдегі 84 білім беру ұйымының қатысуымен интерактивті сабақ өткізді.
Іс-шара барысында департамент қызметкерлері қатысушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібін, өрт қауіпсіздігі талаптарын, азаматтық қорғаныс шараларын, сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сабақтар қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлықты арттыруға және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан практикалық кеңестер алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
