Атырау облысында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай интерактивті сабақ өткізілді

Атырау облысында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай интерактивті сабақ өткізілді

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Атырау облысы Білім басқармасы» мен бірлесіп 72 өңірдің білім беру ұйымдарымен интерактивті сабақ пен оқыту кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтық қорғаныс қызметкерлері қатысушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі, өрт қауіпсіздігі талаптары және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірілді. Сабақтар қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлықты арттыруға және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу сонында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тәжірибелік ұсыныстар алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта білім беру ұйымдарында осындай интерактивті сабақтар мен профилактикалық кездесулерді өткізу жұмыстары жалғасатын болады.