Бір мақсат. Бір ант. Бір Отан.

Бір мақсат. Бір ант. Бір Отан.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының жеке құрамы жас қызметкерлердің Ант қабылдау рәсімі мен марапаттау салтанатына орай сапқа тұрғызылды.

Іс-шараға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы, полковник Нұрлан Мақсотұлы Жаңабаев, ардагерлер және жеке құрам қатысты.

Салтанатты рәсім барысында жас қызметкерлер Қазақстан халқына және мемлекетіне адал қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады.

Барлығы 33 жас қызметкер ант беріп, азаматтық қорғау органдарының қатарына ресми түрде қабылданды.

Іс-шара барысында құттықтау сөз сөйлеген полковник Н. Жаңабаев жас мамандарды кәсіби жолдағы алғашқы қадамымен құттықтап, елге адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ардагер С. Дүйсекенов ізгі тілегін білдіріп, қызмет жолында табыс пен абырой тіледі.

Сонымен қатар, салтанатты жиын аясында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлерге арнаулы атақтар беріліп, мерекелік медальдар және мінсіз қызметі үшін І, ІІ, ІІІ дәрежелі медальдар табысталды.

Салтанатты шара жас құтқарушыларға үлкен жауапкершілік жүктеп, Отанға адал қызмет етудің айқын көрінісіне айналды.