8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Департаменттің әйел қызметкерлері, ардагерлер мен жеке құрам қатысты.

 

Мерекелік жиында Департамент бастығы полковник Н.  Жаңабаев құттықтау сөз сөйлеп, нәзік жанды қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Сонымен қатар қызметте жоғары нәтижелер көрсеткен бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың марапаттарына ие болды.

 

Жиын барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітжан Қисанұлы Дүйсекенов құттықтау сөз сөйлеп, әйел қызметкерлерге ізгі тілегін жеткізді.

 

Салтанатты шара аясында департаменттің ер азаматтары дайындаған мерекелік бейнеролик көрсетіліп, концерттік бағдарламалар ұсынылды.