Әйел күші шексіз

Әйел күші шексіз

Қайырғалиева Айгүл Құсайынқызы, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы.

Айгүл Құсайынқызы 2016 жылдан бері төтенше жағдайлар саласында табанды еңбек етіп келеді. Қиын-қыстау сәтте адамдарға психологиялық қолдау көрсету – үлкен жауапкершілік пен мейірімділікті талап ететін мамандық. Ол әрбір оқиға орнында сабырлылық танытып, зардап шеккен жандарға сенім мен үміт сыйлап жүр.

Кәсібилік пен адамгершілікті қатар ұштастырған Айгүл Құсайынқызы – ұжымымыздың мақтанышы, абыройлы қызметкері. Мереке қарсаңында оған зор денсаулық, отбасылық бақыт және қызметіне табыс тілейміз!