
1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Махамбет - Исатай алаңында арнайы техникалар мен авариялық-құтқару жабдықтарының көрмесі өткізілді.
Іс-шараға қаламыздың тұрғындары, мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысып, азаматтық қорғау қызметінің жұмысымен танысты. Қатысушылар құтқару техникаларын, арнайы құрал-жабдықтарды және жеке қорғаныс құралдарын көріп, мамандардан олардың қолданылу тәртібі туралы ақпарат алды.
Аталған іс-шара Азаматтық қорғаныс айлығының бастамасы болып табылады. Наурыз айы бойы облыс көлемінде азаматтық қорғаныс айлығы өтеді, оның аясында түрлі оқу-жаттығулар, ашық сабақтар, кездесулер және практикалық іс-шаралар жалғасатын болады.
Біздің мақсатымыз – жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-қимыл дағдыларын дамыту.
Азаматтық қорғаныс – ортақ жауапкершілік.