
Атырау облысында жыл басынан бері мұз үстіндегі қауіпсіздік ережесінің бұзылуына байланысты 9 жағдай тіркелді. Мұз үстінде автокөлікпен жүру дерегі 7 рет анықталды. Бұл құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қараша айынан бері су айдындарында 412 рейд өткізілді. 5 мыңнан астам адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша 227 ескерту белгісі мен 14 ақпараттық баннер орнатылды. LED экрандар арқылы тұрғындарға «Абайлаңыз, мұз — жұқа!» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілуде.
Қазір ауа температурасының көтерілуіне байланысты өзендер мен су айдындарындағы мұз қабаты жұқара бастады. Осыған байланысты рейдтік және алдын алу шаралары күшейтілген.
Жылыну кезеңінде мұздың беріктігі төмендейді. Сондықтан тұрғындарды жұқа мұздың үстіне шықпауға шақырамыз. Қауіпсіздік талаптарын сақтау – адам өмірін сақтаудың басты шарты