Атырау облысында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

Атырау облысында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

2026 жылғы 26 ақпанда Атырау облысында  «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.

         Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізілді.

         Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн Атырау облысында ТЖ-ны жою іс-қимылдарын пысықтау бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілді.

         Оқу-жаттығудың бірінші күні көктемгі кезеңдегі ТЖ-ны жою үшін тартылатын күштер мен құралдар топтамасының дайындығына келтірілді, ТЖ-ны жою бойынша шешімдер қабылдау және іс-шараларды орындау бойынша іс-шаралар пысықталды. Құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексерілді.

         Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде Жылыой ауданы Құлсары қаласы аумағында елді мекеннен зардап шеккендерді эвакуациялау, жаға бекіту жұмыстары,  қаптарды инертті материалдармен толтыру, бөгетті нығайу,  сондай-ақ мұз астына түскен көліктерден адамдарды құтқару жұмыстары пысықталды. Операцияға құтқару қызметтері, жетуі қиын жерлерде жұмыс істеу үшін өтімділігі жоғары техника қатысты. Оқу-жаттығудың маңызды элементтерінің бірі уақытша орналастыру пункттерінің дайындығын қамтамасыз ету болды, олар Құлсары қаласының  тұрғындарына тамақ, медициналық көмек және жатын орындарын ұсына отырып, жайлы тұруды қамтамасыз етті. Оқу-жаттығуда су тасқыны жағдайында көмек көрсетуге дайындалған азаматтық қорғау күштері мен құралдарына да маңызды рөл берілді. Оқу – жаттығуға Атырау облысы бойынша барлығы 741 адам, 266 бірлік техника жұмылдырылды. 

Оқу-жаттығу нәтижесінде аумақтардың қауіпсіздік паспорттары нақтыланды, ТЖ-ны жою жоспарлары түзетілді, сондай-ақ азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі қызметтерінің тиімді өзара іс-қимылы үшін картографиялық материалдар жаңартылды. РКШОЖ қорытындысында өңірдің  биылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы пысықталды.