
Елімізде «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Оқу-жаттығу 2026 жылғы 25-27 ақпан аралығында Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем мезгіліндегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету облыстық штабы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында орналасты.
Оқу-жаттығуға облыстық азаматтық қорғау қызметтері, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдары қатысады.
Оқу-жаттығу шеңберінде ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілетін болады.