
Атырау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Маховтың төрағалығымен мұз үстіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Жиынға қала мен ауылдық округ әкімдері, төтенше жағдайлар, «Жайық Каспий» өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, полиция, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және балық шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.
Жиында қыс мезгіліндегі мұздың жұқалығы мен ауа райының құбылмалы болуына байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Әсіресе балық аулау, мұз үстімен жүру, көлікпен шығу кезіндегі қауіптер, алдын алу рейдтері мен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Жиын қорытындысында жауапты мекемелерге: халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қауіпті аумақтарға ескерту белгілерін қайта тексеру, бірлескен рейдтер ұйымдастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.