
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің және басқа да құқық бұзулардың алдын алу, қызметкерлердің бойында тұрақты құқықтық мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын лауазымды тұлғалар Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының сахнасында қойылған «Іс» спектакльіне барды.
Қойылым барысында қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану, жеке мүдде мен қоғам алдындағы жауапкершілік арасындағы қайшылық, ар-ождан мен заң үстемдігі тақырыптары тереңінен қозғалды. Сахналық көріністер арқылы сыбайлас жемқорлықтың жеке адам тағдырына ғана емес, тұтас қоғамның дамуына кері әсер ететіні айқын көрсетілді.