19 ақпан – Қасиетті Ораза айының басталуы құтты болсын!

19 ақпан – Қасиетті Ораза айының басталуы құтты болсын!

Сіздерді қасиетті Ораза айының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ораза – рухани тазару мен сабырдың, мейірім мен қайырымдылықтың айы. Бұл қасиетті кезең әр шаңыраққа амандық, береке және тыныштық әкелсін.

 

Осы айда баршаңызды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамыз. Әсіресе ауызашар және сәресі уақытында тұрмыстық газ бен электр құралдарын пайдалану кезінде сақ болыңыздар. Өз қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда.

Қасиетті айда жасаған игі амалдарыңыз қабыл болып, елімізде бірлік пен татулық нығая берсін!