
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасымен Атырау облысы бойынша бақылау және қадағалау субъектілеріне 2025 жылғы 24 маусымдағы №196-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндіру жиыны өтті.
Жиынның мақсаты – Атырау облысы бойынша бақылау және қадағалау субъектілеріне 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына қатысты өзгерістерді кеңінен түсіндіру жәнеөндірістік бақылау қызметінің жұмыс істеу тәртібін түсіндіру.
Кездесу барысында заңнамаға енгізілген өзгерістер мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қағидалар жан-жақты талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.