
«Дина» сауда орталығында шартты өртті сөндіру бойынша жаттығу өткізілді.
Жаттығуды өткізудегі басты мақсат жекеқұрамның дайындығын арттыру және нысан қызметкерлерінің өзара іс-қимылдарын пысықтау болды.
Оқу-жаттығу барысында электр желісінің қысқаша тұйықталуы салдарынан екінші қабатта орналасқан№31 бутиктеншартты өрт шықты. Шартты өртті байқаған нысан қызметкерлері өртке қарсы қызметіне хабар берді және адамдарды ғимараттан шығару жұмыстарын жүргізді. Барлық жедел әрекет ету тобы шұғыл қимыл жасады. Сондай ақ, ГТҚҚ буыны өрт ошағына кіріп, нысанда қалған 2 адамды құқару жұмысын жүргізді. Арнайы автосаты арқылы қол оқпанының көмегімен ғимараттың төбе қаптамасы қорғауға жұмыстанды.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыруға көмектеседі, сондай-ақ нысанның қызмет ету персоналдарының іс-қимылдарын пысықтауға мүмкіндік береді.
Барлық қойылған мақсаттар пысықталды, ал оқу-жаттығу кезінде жоспарланған тапсырмалар толықтай орындалды.