Құрманғазы ауданында 2026 жылғы су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланды

Құрманғазы ауданында 2026 жылғы су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланды

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында  2026 жылғы су тасқынының алдын алу мәселелері бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысы өтті.

Отырыс барысында су тасқыны қаупі бар аумақтардағы ахуал, алдын алу шараларының орындалу барысы, жауапты мекемелердің дайындық деңгейі қаралды. Тиісті сала басшыларының баяндамалары тыңдалып, су өткізу нысандарының жай-күйі, инженерлік қорғаныс құрылыстары, материалдық-техникалық қор мен халықты хабардар ету мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге алдын алу шараларын күшейту, анықталған кемшіліктерді уақытылы жою және атқарылатын жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.