Азаматтық қорғау органдарындағы құқық бұзушылықтар бойынша шолу

Азаматтық қорғау органдарындағы құқық бұзушылықтар бойынша шолу

2025 жылы азаматтық қорғау органдарының қызметіне шолу жүргізіліп, қылмыстық, әкімшілік-құқықтық және тәртіптік құқық бұзушылықтар заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау тұрғысынан талданды.

Шолу нәтижелері профилактика департаментінің жеке құрамына департамент басшылығының қатысуымен өзіндік қауіпсіздік тобының бас мамандары тарапынан таныстырылды. Кездесу барысында анықталған құқық бұзушылықтардың себептері қарастырылып, олардың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар ұсынылды.

Аталған шолу азаматтық қорғау органдарында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталды.