
Қысқы кезеңде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында облыста үгіт-насихат және профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Қазақстан ТЖМ құтқарушылары азаматтарға мұз үстінде қауіпсіз жүру қағидаларын, мұз астынан балық аулау талаптарын, сондай-ақ қысқы белсенді демалыс кезіндегі сақтық шараларын түсіндіруде.
Құтқарушылар тұрғындарға қысқы кезеңдегі қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидалары, сондай-ақ сырғанақта, конькимен және тюбингпен сырғанау кезінде сақтық шараларын еске салды. Қатпаған мұз үстімен жүруге және көлікпен шығуға тыйым салынатынына, сондай-ақ балаларды ата-аналардың тұрақты бақылауда ұстауының маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Балықшылармен мұзға шығудың қауіптілігі және құтқару жилеттері мен өзін-өзі құтқару құралдарын пайдаланудың қажеттілігі туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.