Құтқарушылар «Крещение Господне» діни мерекесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Құтқарушылар «Крещение Господне» діни мерекесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Атырау облысы бойынша «Крещение Господне» діни мерекесі 7 орында өткізілді.

2026 жылғы 18 қаңтарда сағат 21:00 ден бастап арнайы жабдықталған мұз ойықтарында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 90-ға жуық қызметкері , 15 бірлік техника күшейтілген режимде кезекшілікте тұрды.

Құтқарушылар кезегімен ауысып, суға түсушілер мен суды алушыларды қатаң бақылап, төтенше жағдай бола қалса құтқаруға сақадай сай тұрды.

Діни мереке қарсаңында облыс тұрғындары мереке кезінде суға түсу және мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерімен ақпараттандырылды.

Шара басталғаннан арнайы белгіленген мұз ойықтарында 1400-ден астам адам оның ішінде 156 бала  суға шомылды.

Құтқарушылардың жұмыла әрекетінің нәтижесінде діни мейрам кезінде оқыс оқиғалар тіркелген жоқ.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы