Биыл азаматтық қорғау саласында 2 мыңға жуық адам оқытылды

Биыл азаматтық қорғау саласында 2 мыңға жуық адам оқытылды

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15,2% артық. Ол жөнінде облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Жұмекешов баспасөз брифингінде айтты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұдан бөлек 27 азаматтық қорғаныс құралымы бекітіліп, 1100-дей қызметкер мен 361 техника дайындыққа келтірілді. Облыстың эвакуациялық инфрақұрылымы жаңартылып, 204 эвакуациялық пунктінің орналасқан жері «2ГИС» картасына енгізілді.

-              Жалпы  облыстағы жеке қорғану құралдарының қоры 59 343 бірлікті құрайды. Төтенше жағдай кезінде халықты құлақтандыру жүйесі бойынша өңірде 216 хабарлау құралы жұмыс істейді. Халықты қамту деңгейі  78,6% құрап отыр.  Сонымен қатар  биыл департаменттің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, АҚ құралымдарымен бірлесіп 4 мың мәрте оқу-жаттығу жұмыстарын өткіздік,- деді А.Жұмекешов.

Бақылау және тексеру нәтижелері бойынша биыл 18 тексеріс жүргізіліп, 245 заңбұзушылық анықталып,  екінші жартыжылдықтағы тексерулер барысында 148 бұзушылық тіркелген.