
27 қараша күні сағат 17:10-ден бастап Жылыой ауданы, Қара Арна ауылында жоғалған малшыны іздеу-құтқару жұмыстары басталды. ТЖД құтқарушылары, ЖАО қызметкерлері, АПБ қызметкерлерімен қатар жоғалған азаматтың туыстары автокөліктермен, жаяу және дрон арқылы белгіленген аумақтан іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру құтқару операциясы сәтті аяқталып, 28 қараша түнгі уақытта 1979 ж.т азамат «Айсұлтан» шаруа қожалығынан 12 км қашықтықта аман табылды. Медициналық көмек қажет етпеді. Айта кетейік, табылған азамат 26 қараша күні сағат 06:00-де мал жаюға шығып, бағытын жоғалтып алған.