
Исатай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жалпы білім беретін «Аққыстау орта мектебінің» 10 - 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бөлімінің қызметкерлері ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына оқуға түсу шарттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратылды. Академияның тыныс-тіршілігі бойынша жасақталған бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларына жылыту маусымында көмірқышқыл газына уланудың алдын-алу, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бағытында қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді.
Исатай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі