Азаматтық қорғау академиясына оқуға шақырамыз

Азаматтық қорғау академиясына оқуға шақырамыз

IT мектеп-лицейінде 11-сынып түлектеріне Азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлері кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына қабылдау тәртібі, қажетті құжаттар және дене даярлығы нормативтері түсіндірілді. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды.

 Барлық ақпараттық материалдар мен құжаттар тізімі 11-сынып ата-аналарының чат тобына жолданып, оқушылар мен ата-аналарға Академияға түсу мүмкіндіктері туралы толық әрі жан-жақты мәлімет ұсынылды. Сондай-ақ офицерлер түлектерді Академияға түсуге шақырды, өйткені бұл оқу орны — Қазақстанда ТЖМ үшін құтқарушылар мен офицерлерді даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны.