Саяхаттағы қауіпсіздік: Қауіп-қатері жоғары аймақтарда қалай әрекет ету керек?

Саяхаттағы қауіпсіздік: Қауіп-қатері жоғары аймақтарда қалай әрекет ету керек?

Бүгінде туризм мен табиғат аясында демалу – өміріміздің ажырамас бөлігі. Алайда кез келген саяхат кезінде ең маңыздысы – қауіпсіздік! Әсіресе таулы, су және спелеологиялық (үңгір, жерасты) аймақтарға барғанда ерекше сақтық қажет.

Қауіп-қатері жоғары аймақтарға не жатады?

Таулы жерлер – құзды, тасты және ауа райы күрт өзгеретін аймақтар.

Су аймақтары – өзен, көл, су қоймалары мен сарқырамалар.

Спелеологиялық объектілер – үңгірлер мен жерасты жолдары, жарық аз, бағыт жоғалту қаупі бар жерлер.

Мұндай аймақтар жетуі қиын әрі өмірге қауіпті болғандықтан, туристер мен саяхатшылар алдын ала дайындық жасауы қажет.

Саяхат алдында не істеу керек?

Маршрутты алдын ала жоспарлаңыз.

Қайда баратыныңызды нақты біліп, жол бағытын картаға түсіріңіз.

Жергілікті азаматтық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Егер сіз қауіпті немесе жетуі қиын аймаққа баруды жоспарласаңыз, уәкілетті органдарға өз маршрутыңыз туралы хабарлау қажет. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін маңызды қадам!

Қажетті құрал-жабдықтар алыңыз.

Таулы немесе үңгірлі аймақтарда жарық, байланыс құралы, алғашқы көмек жинағы және жылы киім болуы шарт.

Топпен жүріңіз.

Жалғыз саяхаттау – үлкен тәуекел. Топтық сапарлар әрдайым қауіпсіз.

Ауа райын қадағалаңыз.

Кенет өзгерген ауа райы қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін.

 Қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыз!

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.

Жергілікті азаматтық қорғау қызметімен байланыста болыңыз.

Маршруттан ауытқымаңыз және белгіленген жолдан шықпаңыз.

Есіңізде болсын:

 

Табиғат – керемет, бірақ ол әрдайым күтпеген жағдайлармен таң қалдыруы мүмкін.

Сондықтан саяхатта да, демалыста да қауіпсіздік бірінші орында болуы тиіс!