Атырау облысында "Қыс-2025" кешенді штабтық оқу-жаттығуы өткізілді

Атырау облысында "Қыс-2025" кешенді штабтық оқу-жаттығуы өткізілді

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің, коммуналдық және жол мекемелерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың зардаптарының алдын алу, жою және азайту жөніндегі іс-қимылдарын пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығу барысында қарлы боран, көктайғақ, автожолдардағы көлік қозғалысының тоқтауы, электр желілерінің үзілуі, жылытусыз қалған тұрғын үйлердің жұмысының тоқтауы сияқты шартты жағдайлар қаралды. Сондай-ақ эвакуациялау, жылыту пункттерінде тұрғындарды орналастыру және жолдағы көлік құралдарына көмек көрсету іс-шаралары пысықталды.

Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтері, сондай-ақ еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен 695 адам, 221 бірлік техника жұмылдырылды.