Республика күні қарсаңында бірқатар қызметкерлер марапатталды

Республика күні қарсаңында бірқатар қызметкерлер марапатталды

25 қазан - Республика күні мерекесіне орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде  салтанатты жиын өтті. 

Салтанатты жиын Департамент бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ә. Баякеевтің мерекелік құттықтау сөзімен басталды.

Шара барысында азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне «Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер ұйымына 20 жыл», «Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалі, БАҚ өкілдеріне «Алғыс хаттар», өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге жеткені үшін бірқатар қызметкерлерге  «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерекелік медалі табысталды.   

Ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Дүйсекенов құттықтау сөз сөйлеп, төтенше жағдайлар саласының бүгінгі жетістіктерінде ардагерлердің тәжірибесі мен өнегесінің зор үлесі бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар ардагер Абай Сұлтанғалиевке «Ардагер сапта» кітабын табысталды.

Барлық марапат иелерін құттықтаймыз!

Отбасы амандығы, мол табыс тілейміз.

Мемлекетіміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Еліміз тыныш, көк байрағымыз асқақта берсін!