БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры өтті

БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры өтті

БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры өтті

 

Бүгін Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз-туры өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – тұрғын үй секторында және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат беру, жылыту маусымына дайындық барысымен таныстыру және азаматтық қорғау органдарының қызметін насихаттау.

Баспасөз-туры барысында Департамент мамандары БАҚ өкілдеріне жылыту маусымында атқарылып жатқан алдын алу жұмыстары туралы жан-жақты мәлімет берді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында заманауи өрт сөндіру техникалары, оның ішінде 70 м биіктікке көтерілетін Vema автосатысы таныстырылды. БАҚ өкілдері арнайы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Vema техникасына мініп, оның мүмкіндіктерімен тікелей танысу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, мамандар өрт сөндіргішті қолдану және тұрмыста өрт шыққан кезде дұрыс әрекет ету тәсілдерімен таныстырды.

Атырау облысы ТЖД жылыту маусымы кезеңінде тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.