Атырау облысында орман-дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша сабақ өткізілді
ҚР ТЖМ тапсырмасына сәйкес, Департамент бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ә. Баякеевтің төрағалығымен орта және аға басшы құрамға сабақ өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғи өрттерге ден қою алгоритмдерін пысықтау.
Сабақ барысында орман-дала өрттерін сөндірудің тактикалық тәсілдері, басқару органдары мен күштердің өзара іс-қимыл тәртібі, қауіпсіздік шараларын сақтау талаптары жан-жақты қарастырылды.
Мұндай оқытулар басшы құрамның дайындық деңгейін арттыруға және қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған.